1 наурыз күні Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы 1-3 курс студенттерімен «Алғыс айту күні - қазақстандықтар арасындағы патриотизм, мәдени әртүрлілік және достық күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара басында 1-курс студенті Роман Шулекин мерекенің тарихы, Республикада алғыс айту күнін атап өту тұжырымдамасы мен дәстүрлері, Қазақстанды мекендеген этностар туралы айтып берді. Юлия Майер А.Турянскийдің «Главное уметь благодарить…» өлеңін оқыды, ал Әйгерім Құджанова әлемнің түрлі тілдеріндегі «Рахмет» сөзі туралы айтты. Содан кейін студенттер журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының түлектері дайындаған «Дом поневоле» қысқаметражды фильмінен үзінді тамашалады, мұнда фильм кейіпкерлері 30-40 жылдары тағдырдың қалауымен Қазақстанға қоныс аударылған өзге ұлт өкілдерінің оқиғалары баяндалған. Бірақ, барлық қиындықтарға қарамастан, олар Қазақстанға жер аударылғандарына риза, өйткені қазақ жеріне қоныстанған ұлттар өз тілдерін, мәдениетін, діндерін сақтап қала алды.
Куратор Светлана Машкова біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығындағы көктемді осындай керемет дәстүрмен қарсы алып жатқандығымызды атап өтті.