object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 18:49:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ата-аналар жиналысы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты Алтынсарин және Әулиекөл аудандарының 2021 жылғы мектеп түлектерінің ата-аналары үшін онлайн режимінде ата-аналар жиналысын өткізді.

Мектеп түлектері үшін басты таңдау – бұл ЖОО мен болашақ мамандықты таңдау. Мансап траекториясының даму болашағы мен еңбек нарығындағы сұраныс осы таңдауға тікелей байланысты.

Университетке түсу кезінде талапкерлер мен олардың ата-аналарында көптеген сұрақтар туындайды. Олардың дұрыс таңдау жасауына көмектесу үшін Чужинов атындағы экономика және құқық институты осындай кездесулерді 8 мамырға дейін тұрақты түрде өткізіп отырады.

«Үлкен ата-аналар жиналысының» мақсаты - институттың білім беру бағдарламаларымен, университеттегі бай және қарқынды студенттік өмір туралы ақпарат бере отырып, ғылыми және білім беру қызметтерінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Институт директоры Әлібек Табылденов ата-аналарға институт туралы жалпы ақпарат берді. Ол өз баяндамасында оқу үрдісіне, ғылым және тәрбие жұмысына тоқталды. Ата-аналар мамандандырылған кабинеттерде, зертханаларда, оқу полигондарында өткізілетін тәжірибеге бағытталған сабақтар туралы ақпарат алды. Сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен ынтымақтастық, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы және қос дипломдық білім алу мүмкіндіктері туралы айтылды. Студенттердің өзін-өзі басқару мәселесі, оқу орнындағы студенттік клубтарға да көңіл бөлінді. Ата-аналар университеттегі жеңілдіктер жүйесімен, гранттардың берілу талабымен танысты. Содан кейін ата-аналар институттың «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері», «Журналистика», «Психология», «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» сияқты әр білім беру бағдарламасымен жеке танысуға мүмкіндік алды.

«Балаға мамандық таңдауына қалай көмектесуге болады?» атты шеберлік сыныбымен психология кафедрасының меңгерушісі Гүлнара Сатқанғұлова сөз сөйледі, ол ата-аналарға балаларға өз өмірінде маңызды таңдау жасауға қалай дұрыс көмектесуге болатындығын айтты.

Қабылдау комиссиясы