А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің SMART орталығының қабырғасында А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында колледж студенттері арасында «Asu Intellect» интеллектуалды ойыны өтті.
Оған облыстың 16 колледжі қатысты: Лисаков қаласының техникалық колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі, Қостанай автомобиль жолдары колледжі, Қостанай гуманитарлық колледжі, Қостанай ауылшаруашылық колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі.
Ойын барысында сарапшылардың бірі – қабылдау комиссиясының төрағасы Асхат Жұмабаев университетке түсу ережелері туралы айтты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Есімханов институт студенттерінің бос уақыттарын қалай өткізетіндігі, университеттегі тегін үйірмелердің жұмысы туралы айтты. Ал SMART орталығының маманы Мағауия Алтай орталықтың жұмысы туралы айтып берді.
Байқау жеңімпаздары:
Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.