object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:13:49.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ашық есік күні

«Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы» кафедрасының «Туризм» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері №1 мектеп-лицейінде Қостанай қаласының №6, №7, №8, №10, №16, №17, №29 орта мектептердің, сондай-ақ А.М. Горький атындағы гимназия, №3 гимназия, №1 және №2 лицейлерінің 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру үшін кездесу өткізді. Оқушылардың назарына кафедраның 3 білім беру бағдарламасы ұсынылды: Туризм; Дене шынықтыру және спорт; Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру.

Студенттер өздерінің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашқан белсенді студенттік өмірлерімен бөлісті, сондай-ақ «Туризм» ББ студенттері Түркия мен Америкада шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар олар А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-не түсудің артықшылықтары туралы баяндады.

Егер Сізді біздің ББ-ы қызықтырса, онда кафедрамыздың есігі әрқашан ашық.

Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118 кабинет 604. Телефон 8 (7142) 54-72-86 (ішкі нөмір 119)

Жаңалықтарды қадағалаңыз және сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша Instagram прақшамызға жазыңыз:

@kafedra.tipfkis

@sultangazin_institute

@baitursynov_university

Қабылдау комиссиясы