Жыл сайын елімізде мектеп түлектерінің саны өсіп келеді. 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсырып, көздеген мамандықтарына оқуға түседі.
П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институты Қостанай облысының мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында онлайн кездесулер өткізуде.
28 қантар күні институт өкілдері Арқалық қаласының оқушыларымен кездесті. Кездесу ZOOM платформасында өтті. Қатысқан оқушылар саны - 70.
Кездесудің модераторы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров.
Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденов Институтттың тарихы туралы ақпарат берді.
Содан кейін спикерлер институттың білім беру бағдарламаларын ұсынды.
Бірінші болып «Журналистика» білім беру бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, докторант Айсұлу Мұхамбетжанова мамандықтың қыр-сырымен таныстырды, мүмкіндігі мен болашағы туралы айтты.
Одан кейін оқушылар назарына экономика және қаржы кафедрасының білім беру бағдарламалары ұсынылды. Ақпаратпен экономика ғылымдарының кандидаты Сейтқали Төрежанов бөлісті.
Сонымен қатар түлектерге «Құқықтану», «Халықаралық құқық» заң бағытының білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Аталған білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Айжан Тәжібаева ұсынды.
Ал Психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Айна Рахматулина психолог мамандардың қажеттілігі мен маңызы жайында әңгімелеп берді.
Бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Айдар Байкин оқушыларға «Менеджмент», «Маркетинг», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары туралы ақпарат берді.