П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қостанай облысының жоғары сынып оқушыларымен онлайн режимде кездесулер өткізуді жалғастыруда және тағы бір осындай кездесу 19 ақпанда Қарабалық ауданының түлектерімен өтті.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына институтта жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы айтылды. Сонымен қатар олар институттың оқу және ғылыми процесінен хабар алды және студенттердің Еуропа мен ТМД елдеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен танысты.
Сондай-ақ талапкерлер мамандандырылған зертханалармен танысты. Студенттер бұл зертханаларда теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды игереді. Университеттегі жеңілдіктер жүйесі туралы да айтылды. Жалпы мектеп оқушылары әр білім беру бағдарламасымен бөлек-бөлек танысуға мүмкіндік алды. Кафедра өкілдері «Құқықтану» және «Халықаралық құқық», «Психология», «Журналистика», «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері», «Менеджмент», «Маркетинг», «Есеп және аудит»,«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларын ұсынды.