27 наурызда онлайн режимде кезекті үлкен ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жолы жиналыс Амангелді өңірінің мектеп түлектерінің ата-аналары үшін ұйымдастырылды. Жиналыстың мақсаты - талапкерлердің ата-аналарын Институттың білім беру бағдарламаларымен, ғылыми және білім беру қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Кездесу модераторы, институт директоры Әлібек Табылденов оқу процесін ұйымдастырудың, ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы жалпы ақпарат берді. Сонымен қатар ол институтта оқудың артықшылықтарын атап өтті. Бұл – нарықтың қажеттіліктеріне сай мамандықтар, пәндер мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі, пәндерді ағылшын тілінде оқып-үйрену, сапалы білім беру бағдарламалары; жоғары білікті мамандар мен тәжірибелі қызметкерлер өткізетін сабақтар, студенттердің академиялық ұтқырлығы, ғылыми жобаларға қатысу; магистратура мен докторантура, икемді төлем жүйесі, ректорлық гранттардың болуы, жеңілдіктер, түлектердің жұмыспен қамтылуының жоғары деңгейі.
Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналарына «Талапкер» ақпараттық жүйесі ұсынылды, онда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне оқуға түсуге ниет білдіргендер тіркеле алады. Сондай-ақ олар арнайы зертханаларда, кабинеттерде және өндірісте өткізілетін тәжірибеге бағытталған сабақтар туралы, теориялық дайындықтарын үзбей әскери кафедрада оқу шарттары туралы ақпарат алды.
Сонымен бірге талапкерлердің ата-аналары институттың «Журналистика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Есеп және аудит», «Маркетинг», «Адам ресурстарын басқару», «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері», «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық даму», «Психология», «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламаларымен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік алды.