Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Петр Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының есеп және басқару кафедрасы профессор, экономика ғылымдарының кандидаты Анатолий Образды еске алуға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты және қатысушылардың денсаулығын сақтап қалу мақсатында іс-шара тек кафедра көлемінде аталып өтті. Бірақ қатысам деп ниет білдіргендер қашықтан, zoom платформасы арқылы қатысуға мүмкіндік алды.
Дөңгелек үстелге профессордың әріптестері мен студенттері, сондай-ақ кафедраның 1-4 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында Анатолий Александровичтің өмірі мен еңбек жолы туралы баяндамалар тыңдалды. Әсіресе оның ауылшаруашылық институтын құруға және дамытуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Кафедра студенттері оның менеджмент және маркетинг саласындағы ғылыми жұмыстарына қызығушылық танытты.Конференцияға қатысушылар бірауыздан мұндай іс-шара жыл сайын өткізілуі керек деп шешті.