object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 09:51:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғалымдар Қостанай жылқы тұқымын сақтап қалу керек дейді

Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан басқаратын Қазақстан Республикасы Этноспорт қауымдастығының отырысы барысында Қостанай жылқы тұқымын сақтау және дамыту мәселелері талқыланды. Облыс атынан ҚӨУ-нің өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасының меңгерушісі Айгүл Амандықова отырысқа қатысты. Ол «Племенная книга» кітабының 4 және 5 томдарының авторы. Айгүл Амандықованың 2009 және 2019 жылдар аралығында жүргізген талдауы Қостанай тұқымы жылқыларының саны айтарлықтай азайғанын, яғни жойылып кету қаупі бар екенін көрсетеді.

Маманның пікірінше, генетикалық әлеуетті арттыру және Қостанай тұқымы жылқыларының популяциясын сақтау үшін жануарларға төлқұжат қажет, Қостанай жылқыларына әр түрлі қашықтықта бөлек жарыстар өткізген жөн, өйткені бұл олардың өсірілуіне және болашақта селекциялық-асылдандыру жұмыстарын дұрыс жүргізуге сұранысты арттырады.

Бұл жұмысты жүйелі және үздіксіз жүргізу Қостанай тұқымды жылқылардың бүкіл популяциясын есепке алуға мұрындық болады, ал есепте статистика, тіркеу және асылдандыру жұмыстары ұсынылатын болады. Жоғарыда көрсетілген шаралар тұқымды сақтап қалуға ықпал етеді.

Қабылдау комиссиясы