14 желтоқсан күні Инженерлік-техникалық институтта 2 курс студенті Владимир Гнусаревке қаржылай көмек көрсету мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Институт студенттері өздері дайындаған тағамдарын сатылымға қойды. ИТИ-ның оқытушылары мен студенттері жұдырықтай жұмылып, жәрдемге зәру жанға көмек қолын созуға тырысты.
Қайырымдылық шараларға белсенділікпен қатысу – барлығымыз үшін жақсы дәстүрге айналса деген үміт бар. Аталмыш жәрмеңкенің нәтижесінде: 68 000 теңге жиналды, ол Владимирдің жеке шотына ортопедиялық аяқ киім сатып алу үшін аударылды.
Жәрмеңкенің ұйымдастырушылары институт басшылығына, барлық студенттерге, оқытушыларға түсіністік танытып, көмектесуге деген шынайы ниеттері үшін алғыс білдіреді.