Студенттер күні қарсаңында «Аялы жүрек» ерікті-қайырымдылық клубы мен «Jastar ruhy» студенттік клубы қайырымдылық кинокешін өткізді, одан түскен қаражат «Жаңа жылда балаға қуаныш сыйла» акциясына жұмсалады.
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың акт залында екі түрлі жанның бір-бірін қалай «құтқарғаны», бір-бірінің көмегімен өздеріне беймәлім қасиеттерін ашқаны туралы баяндайтын «Это чертово сердце» фильмі көрсетілді. Фильмде ересек жігіт пен науқас баланың достығы туралы шынайы оқиға бейнеленген. Кейіпкерлер «Біз ертең не боларын білмейміз, бүгін бақытты болуға ұмтылуымыз керек» деген ойды жеткізгісі келеді.
Фильм көрсетілімінен кейін студенттер алған әсерлерімен, ойларымен бөлісті. Керемет идея үшін белсенді студенттерге алғыс айтамыз дейді ұйымдастырушылар. Акция жалғасуда!