А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында өткізілетін «Айдың үздік қызметкері» университеттік байқауының қаңтар айындағы қорытындысы шығарылды.
Конкурс барлық санаттағы қызметкерлердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен біліктілігін арттыру, мақсатқа жету үшін олардың жұмысын ынталандыру және команда алдында тұрған негізгі міндеттерді шешу, сондай-ақ кадрлардың сапалы резервін қалыптастыру үшін перспективалы қызметкерлерді анықтау мақсатында өткізіледі.
Айдың үздік қызметкері конкурсқа қатысуға өтініш берген университеттің әр құрылымдық бөлімшесінің басшысының ұсынысы негізінде анықталады. Конкурс ай сайын өткізіліп, үздік қызметкерді таңдау есепті айдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады, ол үшін университет комиссия құрды. «Айдың үздік қызметкері» атағын алған қызметкер ректордың мақтау қағазымен марапатталады. Оқу жылы ішінде бірнеше рет «Айдың үздік қызметкері» атағын алған қызметкерлер оқу жылының соңында ақшалай сыйлыққа ие болады, ал үздік қызметкерлердің фотосуреттері университеттің ресми сайтында орналастырылады.