А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Айдың үздік қызметкері» байқауы бастау алды. Байқаудың алғашқы нәтижелері де шығарылды. 2020 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Экономика және құқық институтының аға маманы – Роза Джамбурчина, Тілдерді оқыту орталығының аға оқытушысы – Мира Мұратқызы, білім сапасы стратегиясы және мониторинг бөлімінің бас маманы – Алексей Дик, кадрлар бөлімінің бас маманы – Гүлназ Дюсекова солтүстік аймақтың ең ірі университетінің үздік қызметкері болып танылды.
Айдың үздік қызметкерлері жоғары кәсіби шеберлігі, жемісті еңбегі, білім беру ісіне қосқан үлесі үшін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ректорының Мақтау қағазымен марапатталды.