Дәстүр бойынша ақпан айында университет ұжымы арасында қысқы спартакиада басталды. Биылғы спорт жарыстары А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды.
Өткен демалыс күндері ҚӨУ-нің оқытушылары мен қызметкерлері шаңғымен жарысты.
40 жасқа дейінгі әйелдер арасында 650 метр қашықтықта жеңімпаздар атанғандар:
Екатерина Екатеринская;
Әсел Токушева;
Нұрсәуле Әмірбекова.
40 жастан асқандар арасында Ирина Кехтер мен Жанат Кущанова үздік шықты. 40 жасқа дейінгі ерлер арасында 1200 метр қашықтықта Владислав Кокубасов, Санияз Дүйсембеков және Бақыт Бәйменов жеңіске жетті. 40 жастан асқандар арасында Бақытжан Досмағамбетов, Марат Әубәкіров және Алмабек Нұғманов үздік атанды.Сонымен қатар, алдағы уақытта шағын футболдан, волейбол мен дартстан жарыстар өтеді.
Университет ұжымы арасында салауатты өмір салтын және спорттық рухты сақтау мақсатында мұндай жарыстар университетте жыл сайын өткізіліп тұрады.