Бүгін журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы 1 курс студенттеріне «Қазақстандағы БАҚ-тың негізгі қағидалары» тақырыбында медиа-тренер Бақтыгүл Бурбаевамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге жаңа KazMediaNetwork қоғамдық бірлестігі туралы айтылды.
KazMediaNetwork - бұл 2021 жылы ҚР Әділет министрлігінде тіркелген жаңа қоғамдық бірлестік. Ұйымның негізін қалаушылардың арасында университет оқытушылары, журналистер, байланыс мамандары, танымал бұқаралық ақпарат құралдарының редакторлары бар.
Ұйымның миссиясы - 2012 жылғы Журналистер кодексіне сүйеніп және журналистердің тенденциясына сәйкес өзгертулер енгізе отырып, қазақстандық журналистиканың алдында тұрған өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау үшін этикалық нормаларды бұқаралық ақпарат құралдарының дамыған негізгі қағидаттары арқылы кеңінен насихаттау.
Биылғы жылы ұйым 3 жұмыс бағытын жоспарлады:
1. Қазақстанда өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитет құру.
2. Қазақстандық БАҚ журналистика факультеттеріне арналған бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарлама әзірлейді.
3. Қазақстанда Медиа мен БАҚ саласындағы этикалық нормалар мен стандарттарды насихаттау.