object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 05:50:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Студенттерге арналған тренингтер

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Чужинов атындағы экономика және құқық институты жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда.

Жастар - елміздің болашағы. Институттың басты міндеттерінің бірі - бәсекеге қабілетті және шығармашыл жастарды тәрбиелеу.

Институт жастарды жан-жақты дамыту мақсатында әртүрлі семинарлар, тренингтер мен кездесулерді бастады.

Кеше «Қаржылық сауаттылық» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. Іс-шара спикері - Қостанай облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрбек Әбдібеков. Ол өз сөзінде студенттерге қаржыны қалай дұрыс бөлу керектігін, бизнес-идеяны қалай құруға болатынын айтты. Студенттер бизнестегі «активтер» мен «пассивтер» дегеніміз не және олардың көмегімен қаржылық тәуелсіз болу туралы ақпарат алды.

Тренингке «Экономика» және «Қаржы» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты.

Қабылдау комиссиясы