object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-29 10:47:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Фемида+» тұтынушылардың мүдделерін қорғайды

Бүгін ZOOM онлайн-платформасында П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының азаматтық құқық және процесс кафедрасының бастамасымен, сондай-ақ «Фемида+» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз сатып алу: тұтынушылар онлайн-сатып алу кезінде өз құқықтарын қалай қорғай алады» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оған Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, ҚР «Қазпочта» АҚ Орталық кеңсесі (Нұр-Сұлтан қ.), Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау, мемлекеттік кірістер, әділет департаменттері, «Қостанай облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы» өкілдері қатысты.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге облыстық соттың судьялары, Қостанай облысы Кәсіподақтар орталығындағы қоғамдық қабылдау бөлімінің бастығы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда қалаларының тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы қазақстандық үкіметтік емес ұйымдары қатысты. Ресей Федерациясындағы әріптестер, Махачкала қаласындағы «Қоғамдық бақылау» ұйымы және Новосибирск қаласындағы «Сібір медиация орталығы» мамандары да өз тәжірибелерімен бөлісті.

Пікірталас барысында қатысушылар онлайн-сауданың өзекті мәселелерін талқылады, тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңдардың нормаларын түсіндірді, тұтынушылардың сауаттылығы туралы әңгімелесті, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу бойынша ұсыныстар айтты. Дөңгелек үстелге қатысушылар онлайн-саудадағы тауарлардың сапасына, тауарларды қайтару тәртібіне, жеткізілімнің кешеуілдеуіне және сатушының сатып алушыға жеңілдік жасаудан бас тартуына байланысты заң бұзушылықтар мен алаяқтық әрекеттері мәселелеріне ерекше назар аударды.

Қабылдау комиссиясы