П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының директораты нөмірі 1-ші Студенттер үйінде тұратын өз студенттерімен, сонымен қатар А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының, В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының, У.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының студенттері кездесті.
Институт директоры Әлібек Табылденов, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров, Қостанай облысы бойынша полиция департаментінің тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Қайыржан Күдебаев және Қостанай облысы полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Мейрам Сейітов студенттерді заманауи Қазақстандық әкімшілік және қылмыстық заңнаманың ерекшеліктерімен таныстырды, адам мен мүлікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын-алу туралы әңгімелесті, осындай қылмыстар үшін жауапкершілік түрлері туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, студенттерге соңғы кезде интернет кеңістігінде кең тараған алаяқтық түрлері және оларға қарсы әрекет ету әдістері туралы түсіндірілді. Полиция қызметкерлері студенттерді абай болуға және ешқашан мұндай алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.
Белсенді форматта студенттердің құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қойған сұрақтары талқыланды. Студенттерді ішкі істер органдары қызметкерлері жүргізіп жатқан жұмыстардың ауқымы мен маңыздылығын айқындайтын кәсіби тәжірибелеріндегі мысалдармен бөлісті. Мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор. Сондықтан алдағы уақытта да өткізілетін болады.