12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні. Мереке қарсаңында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Жас ғалымдар кеңесінің «Жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерінің жай-күйі мен перспективалары» атты отырысы өтті.
Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Ақбидаш Абдиркенова атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, 2022-2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жас ғалымдар кеңесінің мақсаты – университеттегі жас ғалымдар саясатын қалыптастыру, олардың кәсіби саладағы қызығушылықтарына және әлеуметтік мәселелеріне қолдау көрсету, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту мәселелерін шешуге жас ғалымдарды тарту.
Кеңес 4 бағыт бойынша жұмыс істеді: халықаралық ынтымақтастықты нығайту; жобалық гранттардың іске асуы, конкурстарға қатысу; жарияланым белсенділігін арттыру; сонымен қатар аймақтық, университетішілік ғылыми-танымдық іс-шараларда белсенділік таныту.