Нұр-Сұлтан қаласында Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» форум-көрмесі өтті, оған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жас ғалымдар кеңесінің барлық құрамы қатысты. Мұнда медицина, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсібі, экология және ІТ-технологиялар салаларында жүзеге асырылған ғылыми жобалар көрсетілді.
Іс-шараның пленарлық отырысына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ғылыми зерттеу институттарының басшылары, ғалымдар, БҒМ-нің Ғылым фондының және «Атамекен» ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің атынан конференцияға Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Ph.D доктор Төлеген Көпжасаров ат салысты. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің жас ғалымдары ғылыми жобаларды сәтті жүзеге асыруда, министрлік сеніп тапсырған жаңа бағдарламаларға қатысуда.