object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 07:26:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жас ғалымдар форумы

13 мамырда А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен Халықаралық «Жас ғалымдар форумы» өтті.

Форумға Ғылым және интернационализациялау жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Гүлшат Шайкамал, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD доктор Ақбидаш Абдиркенова, Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, философия ғ.к. Денис Качеев қатысып, ізбасарларына  ақ жол тіледі, жөн сілтеді. Сонымен қатар іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Армения, Ресей Федерациясы және Қырғызстанның ғалымдары қатысты. Олар ЖҒК-дегі (Жас ғалымдар кеңесіндегі) жеке жұмыс тәжірибесімен, қазіргі заманғы рухани-мәдени тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ өз еліндегі ЖҒК жұмысының үлгісімен бөлісті.

Форум  спикерлері:

  1. Ермек Тоқтаров – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ғылым жөніндегі кеңесінің төрағасы, PhD доктор ,«ЖҒК-дағы жұмыс тәжірибесінен» баяндамасымен.
  2. Мену Мамадюсуфова – Тәжікстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының ЖҒК төрағасы, Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының магистратура, аспирантура және рhD докторанттары басқармасының бастығы. Баяндама тақырыбы - «Тәжікстан Республикасы ҰҒА ЖҒК жұмысы және Қазақстанның жас ғалымдарымен ынтымақтастықты нығайту»
  3. Геворг Варданян – Армения Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Баяндама: «Армения мен Қазақстанның жас ғалымдарының ынтымақтастығы».
  4. Татьяна Романишина – э.ғ. к., доцент, Мәскеу облысының жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, ВО «Ресей мемлекеттік Туризм және сервис университеті» ФГБОУ сервистік технологиялар институтының «Менеджмент» ОПОП басшысы. Баяндама тақырыбы – «Мәскеу облысының жас ғалымдар кеңесінің жұмыс жүйесі және қолдау инфрақұрылымын ұйымдастыру»
  5. Азамат Нұрбаев – Ош мемлекеттік университетінің өнер факультетінің оқытушысы, ОшМУ философия және саясаттану кафедрасының аспиранты (Қырғызстан Республикасы). Баяндама тақырыбы – «Заманауи тұлғаның рухани және музыкалық мәдениетін қалыптастыру»
  6. Мейрамгүл Мұхамбетова – PhD доктор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің информатика кафедрасының профессоры. Баяндама тақырыбы – «ЖҒК-нің жұмысы туралы».

Жас ғалымдар кеңесі мүшелері барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға нәтижелі онлайн-кездесу үшін алғыстарын білдіреді және одан әрі тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайтындарына сенімді.

Қабылдау комиссиясы