А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазан федералдық университетінің (ҚФУ) Набережные Челны институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қазан федералдық университеті – 200 жылдық тарихы бар Татарстанның негізгі білім беру орталығы, ежелгі Ресей университеттерінің бірі. Quacquarelli Symonds Limited (Ұлыбритания) (QS-Stars) компаниясының оқу орнының ғылыми және білім беру қызметіне жүргізген аудит қорытындысы бойынша университетке үш жұлдыз берілді. ҚФУ мықты мектептерімен және машина жасау саласындағы ғылыми-зерттеу базасымен танымал.
Қазақстанның машина жасау саласы кадрларын мақсатты даярлау үшін аталмыш меморандумның маңызы зор. Өздеріңіз білетіндей, Қостанай облысының индустриялық аймағында "КамАЗ" КАҚ екі жаңа зауыты салынуда. Бұл дегеніміз – жаңа жұмыс орындарына машина жасау саласының білікті мамандары керек деген сөз.
Келісім аясында университеттер үш деңгейлі білім беру жүйесі бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар оқытушылар мен ғылыми және әкімшілік персонал академиялық ұтқырлық бойынша біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие, ал магистранттар мен докторанттар тағылымдамалардан өте алады. Сондай-ақ университеттер бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, оқытудың озық әдістерін дамытуда және жаңа білім беру технологияларын енгізуде тәжірибе алмасуға ниетті.
Қостанай өңірі белсенді дамып келеді, сондықтан біздің ЖОО да еңбек нарығының қажеттіліктеріне тез бейімделуге міндетті.
Екі жоғары оқу орны мен өнеркәсіптің коллаборациясы инновациялық жаңалықтарға серпін беріп қана қоймай, жоғары білім беруді жаңғыртуды қамтамасыз ететініне ұжымның сенімі мол.