Желтоқсан айының соңында «Publishers International Linking Association» ғылыми әдебиет баспагерлері қауымдастығының «Жаңа ғылым» Халықаралық ғылыми серіктестік орталығының халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға ҚӨУ-нің профессоры, биология ғылымдарының докторы Татьяна Брагина және Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану пәндері кафедрасының 1 курс магистранты Екатерина Тарасенко қатысқан болатын. «Карпат бал араларының сыртқы белгілерінің маусымдық өзгерістері» атты жобасында олар өздерінің далалық зерттеу материалдарын, APIs mellifera Linnaeus тұқымдас ара түрлерінің таралуы туралы коллекциялық және әдеби деректерді қолданды.
Конкурс қорытындысы бойынша Татьяна Брагина мен Екатерина Тарасенко «Биология ғылымдары» номинациясы бойынша «Үздік зерттеу жобасы-2022» IV Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсының 1 дәрежелі дипломдарымен марапатталды.