Бүгін, 2020 жылғы 23 желтоқсанда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты онлайн-форматта «Заманауи құқықтану және жастар» тақырыбында жоғары оқу орындарының студенттерінің, курсанттарының, тыңдаушылары мен магистранттарының I Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз өз азаматтарымыздың лайықты өмірін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға, заңдылықты нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз» деп атап көрсетілген.
Осы және қазіргі қоғамды дамытудың басқа да өзекті мәселелері, заңның үстемдігі, заң ғылымы мен практикасын жетілдірудегі жастардың рөлін анықтау бүгінгі болашақ ғалымдардың ғылыми талқылауы мен талдауларының тақырыбына айналды.
Сонымен қатар, конференция шеңберінде Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің конституциялық дамуының, жаһандану және ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу дәуіріндегі Қазақстан мен ТМД елдерінің құқықтық саясатын жетілдірудің өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамаларын дамыту, жастардың құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды. Конференцияға қатысушылар Қазақстан мен ТМД елдерінің заманауи қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамаларын жетілдірудің негізгі тенденцияларын атап өтті.
Конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындарының дарынды студенттері қатысты: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты.
Шетелдік қонақтар қатарында Қырғыз мемлекеттік заң университетінің (Бішкек қ.), Ресей Ішкі істер министрлігі Басқару академиясы (Мәскеу қ.), Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясы (Минск), Ресей ІІМ Барнаул заң институты, Сібір заң институтының, Ресейдің Ішкі істер министрлігі (Красноярск), Ресейдің Федералды Қылмыстық-атқару қызметі Вологда заң және экономика институты, Ресей Федералдық қылмыстық-атқару қызметі Кузбасс институты, Ресей Федералдық Жаза атқару қызметі Заң және басқару академиясының Псков филиалының студенттері, курсанттары, тыңдаушылары мен магистранттары бар.
Секциялардың модераторлары: мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Сымбат Укин, қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы Ермек Асқаров, азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Демежанова.
Өткізілген ғылыми конференция біздің қатысушыларымызды ғылыми таныстыру, халықаралық шекараларды кеңейту және ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығу, пікір алмасу, заң ғылымы мен практикасының маңызды және өзекті мәселелерін талқылау үшін тиімді диалог алаңы болды.