object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 21:56:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғылыми зертханалардың мүмкіндіктері

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің SMART-орталығында «Жаратылыстану ғылымдары бойынша зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудегі ғылыми зертханалардың жағдайы» атты әдістемелік семинар өтті. Онда оқу орындарында ғылыми-зерттеу зертханалары мен техникалық сынақ базасын ұйымдастыру қажеттігі және пәндерді оқуда, ғылыми жобаларды жүзеге асыруда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің маңыздылығы туралы айтылды.

Семинарға В.Двуреченский атындағы Ауыл шаруашылығы институтының «Биология, экология және химия» кафедрасының, Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының, А.Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институттың «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

«LabNetWork» зертханалық кешенінің меңгерушісі Вадим Чашков өз сөзінде зертханалық кешеннің базасында табиғи цикл, биология, химия, экология бағыттары бойынша докторантура мен магистратураның білім беру бағдарламалары шеңберінде әртүрлі зерттеулер жүргізілетінін атап өтті. Мұнда «Жас Ғалым» байқауы аясында да зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, «LabNetWork» зертханалық кешені – ҚӨУ-дегі прекурсорлармен және қауіпті химиялық заттармен жұмыс істеу құқығына ие жалғыз бөлімше.

Қазіргі уақытта оқу үрдісінде пәнаралық байланысты нығайту және білім берудің әртүрлі кезеңдерінде біріктірілген жаратылыстану курстарының пайда болу тенденциялары байқалады. Сондықтан оқу орындарында жаратылыстану циклінің сабақтас пәндері негізінде заманауи зертханалық жабдықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірге жүргізуге қабілетті оқытушыларды даярлау міндеті өте өзекті.

Сондай-ақ семинар қонақтары өзекті мәселелерді, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдаланудағы проблемаларды талқылады. Одан кейін семинарға қатысушылар мен қонақтар «SMART-орталық» пен «LabNetWork» зертханалық кешеніне экскурсия жасады, зертхананың техникалық және білім беру мүмкіндіктері ғалымдар назарына ұсынылды.

Қабылдау комиссиясы