А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының экономика және қаржы кафедрасы Қазақстан Республикасында ғылым күніне арналып жоспарланған іс-шаралар аясында ғылыми семинар өткізді. Семинарға кафедраның оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар «Тұран» университетінің менеджмент кафедрасының профессоры Томар Бөкейханов қатысты.
Модераторлар Нағима Сартанова мен Сейтқали Төрежанов «Экономикадағы пандемиялық шок салдарын жою тактикасы мен стратегиясы» тақырыбында өз баяндамаларын ұсынды. Кафедрада жұмыс жасайтын ғылыми үйірменің студенттері Саят Шаймерденов, Эльчин Самедов, Никита Олейников, Даяна Купобаева және Юнита Эвич қызықты баяндамалар жасады.
Екі сағат бойы студенттер мен оқытушылар коронавирустан кейінгі экономикадағы ғылым, білім және жеке өсу туралы пікір алмасты.