object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 00:49:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ғылымдағы әйелдер мен қыз балалардың халықаралық күні

Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен 11-ақпан күні Ғылымдағы әйелдер мен қыз балалардың халықаралық күні болып жарияланған. Бұл қадам әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық және тең қол жеткізуіне және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар, ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдауға бағытталған. 

Соңғы 15 жылда дүние жүзі бойынша нәзікжандыларды ғылымға көбірек тарту бойынша көптеген істер атқарылуда. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, әлем бойынша ғалым әйелдердің үлес салмағы 30 пайызды құрайды. Қазақстанда соңғы уақытта ғалым әйелдердің қатары көбейіп келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, Қазақстанда Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізетін ғалым әйелдердің үлесі 54 пайызды құрайды. Ал А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі әйел ғалымдардың үлесі - 59,5 пайыз. Оның ішінде 26 пайызы философия докторы, 28 пайызы ғылым кандидаттары және 46 пайызында магистр дәрежесі бар. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысып қана қоймай, халықаралық және гранттық жобаларға қатысады.

Университетіміз мақтан тұтатын ғалымдардың есімдері:

Раушан РЫЩАНОВА – ветеринария ғылымдарының кандидаты, философия ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Гранттық қаржыландыру жобаларының жетекшісі; А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ жанындағы 8D091-Ветеринария бағыты бойынша диссертациялық кеңес төрағасы; 2017 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, ғылыми еңбектері халықаралық рецензияланған басылымдарда, ғылыми журналдарда жарияланған.

Наталья ПАПУША – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, 10 жылдан астам экономикалық келісімшарт жобалары бойынша жұмыс топтарының жетекшісі; соңғы 5 жылда бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды орындаушы;

Татьяна БРАГИНА – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, халықаралық жобаның орындаушысы, халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

Бибігүл ӨТЕГЕНОВА – п.ғ.к., доцент, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланымдары бар, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары магистранттарының ғылыми жетекшісі;

Әлия БҰҒЫБАЕВА – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жобаларының орындаушысы, халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланымдары бар, «Биология» білім беру бағдарламасының магистранттарының ғылыми жетекшісі;

Эльмира НАУРЫЗБАЕВА – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі, халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланымдары бар, «Тарих» білім беру бағдарламасының магистранттарының ғылыми жетекшісі.

Қабылдау комиссиясы