П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының мемлекет және құқық теориясы кафедрасы Ғылым күніне арналған іс-шаралар аясында «ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы тұрғысындағы конституциялық реформаның өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалы өкілдері, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің заң факультетінің, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы, сонымен қатар «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелді заң ғылымдарының кандидаты, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сымбат Укин жүргізді.
ІІМ Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көрсетілген конституциялық реформалардың маңыздылығы, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында әділеттілік сезімі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру туралы заң ғылымдарының кандидаты, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры Майра Кәкімова айтып берді.
Конституциялық реформаларды талқылауға заң ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университетінің құқық кафедрасының профессоры Жанат Атжанова белсенді қатысып, конституциялық бақылау институтын жетілдірудің маңызды мәселелерін көтерді, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесін Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ретінде қайта құру керектігін алға тартты.
Дөңгелек үстел аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері де конституциялық реформаларға байланысты өз пікірлерімен:
«Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Анара Ахметчина еліміздің жоғары өкілдік органы – Парламентті дамытудың жолдарын және жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарды реформалау мәселелерін ашып берді.
«Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенті Аружан Сәрсенбаева алқабилердің қатысуымен өтетін сот істерінің құзыретін кеңейту мәселесіне назар аударып, оң және теріс жақтарын атап өтті.
«Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Жібек Турабаева саяси партиялардың рөлін, сондай-ақ саяси партияларды құрудағы заңнаманы ырықтандыру жайында сөз қозғады.
«Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенті Лаура Өсербай адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі, құқықтық мәртебесін конституциялық заң арқылы бекіту, сонымен қатар басқа да бірқатар мәселелерге тоқталды.
Барлық баяндамалар дөңгелек үстелге қатысқан қонақтар тарапынан жоғары бағаланды.