object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 04:44:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы, педагог

29 қыркүйек күні Қостанай облыстық филармониясының күмбезді залында «Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тирихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу салтанаты өтті. Конференцияның жалпы отырысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, еліміздің және шетелдің көрнекті ғалымдары, солтүстік өңірдің ЖОО-ның ректорлары, құрметті қонақтар қатысты. Олар педагогика ғылымының басым бағыттары, қазіргі педагогикада Алтынсарин идеяларын сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.

Секциялардың жұмысы онлайн форматта өтті, сондықтан әр түрлі білім беру мәселелері бойынша пікірталасқа Мәскеу, Орынбор, Маңғыстау, Шымкент, Ақтөбе қалаларының ғалымдары мен шетелдік сарапшылар тартылды.

Секция жұмысы 6 өзекті тақырып бойынша өткізілді. Онда баяндамашылар Қазақстандағы қазіргі білім берудің Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларымен үндес екенін, сабақтастық дәстүрлері бар екенін айтты. Атап айтқанда, білім беру жүйесі ағартушы-педагог ұсынған бірқатар іргелі принциптерге негізделген: мемлекеттің білім беруді дамытудағы рөлі, білімнің қолжетімділігі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, белсенді азаматтық позициясы, демократия және жаңа технологияларға назар аудару. Ғалымдар сонымен қатар Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы көптеген педагогикалық мәселелерді бейнелейтін толыққанды педагогикалық жүйе екенін атап өтті. Оның ағартушылық идеялары қазақ халқының экономикалық және мәдени көркеюіне бағытталған.

Қабылдау комиссиясы