26 наурызда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты «Қазақстан Республикасындағы заң шығарушылық пен құқық қорғау органдарының өзекті мәселелері» атты академик Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдығына және ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияға Қазақстанның, Ресейдің, Беларуссияның және Украинаның жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары қатысты: Ресей мемлекеттік әділет университеті, Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябинск), Оренбургского государственного университета, Саратов мемлекеттік заң академиясы, Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті, Құқық және әлеуметтік-ақпараттық технологиялар университеті (Минск), РФ ЖКҚА (Рязань), Украина Ұлттық Ішкі істер академиясы (Киев),
Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясы (Минск), РФ Қылмыстық-атқару қызметінің Киров біліктілікті арттыру институты, РФ Жаза атқару қызметі академиясының Псковтағы филиалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Нұр-Сұлтан), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан-Ресей халықаралық университеті (Ақтөбе), Тұран университеті (Алматы), І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Астана медициналық университеті және тағы да басқа университеттер.
Конференцияның арнайы қонағы – ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, әділет полковнигі Саламатов Е.А. Ол баяндама оқыды, пікір алмасты.
Конференцияға белгілі ғалымдар - қаржы, банк және кеден құқығы саласындағы танымал маман, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Н.Пастушенко (Саратов мемлекеттік заң академиясы), қылмыстық, қылмыстық-атқару, қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы мамандар - заң ғылымдарының докторы, профессор Скаков А.Б. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), заң ғылымдарының докторы, доцент Шнарбаев Б.К. (А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ) қатысты.
Іс-шараның модераторы – П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Табылденов А.Н., ал тыңдаушылары – институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары.
Конференция аясында Ұлы ғалым, Ұлы Отан соғысының ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері С.З.Зимановтың егеменді Қазақстанның құқықтық негіздерін қалыптастыру мен дамытудағы рөлі туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланды.
Сонымен қатар конференция барысында заң шығарудың өзекті мәселелері, заң шығару факторы аясындағы құқық қолдану практикасы, мемлекеттік және жеке құқықты одан әрі жетілдіру мәселелері, конституциялық бақылау, сот және құқық қорғау жүйелері, сот ісін цифрландыру, еңбек заңнамасының ерекшеліктері Қазақстан Республикасындағы төтенше және басқа карантиндік шаралар кезіндегі қатынастар егжей-тегжейлі қарастырылды.
Конференцияда тыңдалған барлық баяндамалар ISBN тағайындаумен электронды түрде материалдар жинағында жарияланады.