Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының сынақ зертханасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы және ғылым күнін мерекелеу аясында ветеринария ғылымдарының кандидаты Гүлжан Чужебаева «Студенттердің ғылыми зерттеулеріндегі полимеразды тізбекті реакция» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәріс «Ветеринарлық санитария» мамандығының магистранттары мен 3 курс студенттеріне арналды.
Дәрістің бірінші бөлімінде тыңдаушылар полимеразды тізбекті реакцияның механизмі, мәні, негізгі кезеңдері туралы білді. Баяндамашы ПТР (полимеразды тізбекті реакция) зертханаларындағы қауіпсіздік мәселелеріне, ПТР-дың дәстүрлі әдістермен салыстырғандағы артықшылықтарына тоқталды. Дәрістің екінші бөлімі тікелей ПТР зертханасында өтті, онда студенттер мен магистранттар материалдармен, жабдықтармен және зертханадағы жұмыс ережелерімен танысты.
Дәріс барысында көптеген сұрақтар қойылды, студенттер полимеразды тізбекті реакцияны жүргізу әдістерін меңгеру, сондай-ақ магистрлік диссертациялар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтында тәжірибеден өтуге тілек білдірді.
Жалпы, дәріс қызықты әрі мазмұнды өтті, студенттер маман және болашақ ғалым ретінде көптеген жаңашылдықтарға үйренді.