object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 17:27:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-не + екі доктор

Бүгін А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де Қолданбалы биотехнология ҒЗИ-нің ғылыми-инновациялық орталығының меңгерушісі, профессор, ветеринария ғылымдарының кандидаты Раушан Рыщанованың төрағалығымен 8d091-Ветеринария бағыты бойынша диссертациялық кеңестің отырысы өтті.

Құрамына ветеринария саласындағы қазақстандық ғалымдар кіретін диссертациялық кеңес мүшелерінің назарына Гүлнұр Әлиева 6d120200-Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша «Қазақстанның Солтүстік аймағында айналымда жүрген Staphylococcus spp штаммдарының түрішілік ерекшеліктері мен төзімділік профиліндегі айырмашылықтар» тақырыбындағы диссертациясын ұсынды. Ал екінші қорғаушы Анар Меңдібаева «Қазақстанның Солтүстік аймағындағы Salmonella enterica штамдарының фенотиптік және генотиптік төзімділігінің ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбын таңдапты.

Тақырыптар бойынша барлық зерттеулер ҚӨУ-нің Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының базасындағы Микробиология және молекулалық-генетикалық талдау зертханаларында, Литва денсаулық ғылымдары университетінің (Каунас қ.) Микробиология және вирусология институтының зертханасында, сондай-ақ Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының зертханаларында (Алматы қ.) өтті.

Кеңестің барлық мүшелері мен ресми рецензенттер диссертациялық жұмыстардың өзектілігі мен жаңашылдығын жоғары бағалап, докторанттарға философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін бір ауыздан қолдады.

Қабылдау комиссиясы