object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-28 01:04:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-нің магистранты Н.Назарбаев Қорының стипендиаты атанды

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті экономика және құқық институтының 2-ші оқу жылының магистранты Азиз Шамитдинов жоғары оқу орындарының студенттері арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020-2021 оқу жылына арналған студенттік стипендиялар байқауының жеңімпазы атанды.

Биыл байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен 354 өтінім келіп түсті. Екі турдың қорытындысы бойынша 80 студент жеңімпаз атанды. Оларға стипендиат сертификаттары табыс етілді, ай сайын 40 000 теңге мөлшерінде стипендия белгіленді және «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» мәртебесі берілді.

Бұл байқау оныншы рет ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде 719 студент қор стипендиаты атанды. Бұл жобаның мақсаты – жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөлімі студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін көтермелеу.

Байқауға қатысу үшін студенттер академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштеріне ие болуы, студенттер мен оқытушылар арасында беделге ие болуы, оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысуы қажет. Стипендиаттар екі жыл оқу барысында GPA балы жоғары транскрипттермен, сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен, ғылыми жұмыстарының болуымен және конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеуімен өз жетістіктерін растайды.

Айта кетейік, байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші турда оқу орны Республикалық жарысқа қатысу үшін өзі белгілеген тәртіппен үздік студенттерді іріктеді. Одан кейін үміткерлердің өтінімдері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының конкурстық комиссиясына жіберіліп, онда жеңімпаздар қайта іріктелді.

- Көп жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы Қазақстан студент жастарының белсенді және талантты өкілдері үшін жоғары мотивация және қолдау болды. Пандемия кезінде студенттер қашықтан оқыту форматына көшу, бір-бірімен әлеуметтік қарым-қатынастағы шектеулерге байланысты жаңа қиындықтарға тап болады. Ай сайынғы негізде стипендия алу сияқты қолдау бүгінгі қиын-қыстау кезеңде оларды жаңа табыстарға шабыттандырады және үздік оқуға ынталандыруды жалғастыра беретін болады,-деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

 

Қабылдау комиссиясы