object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 18:43:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де ресейлік ғалым

Биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының Сібір филиалының Көмір және көмір химиясы федералды ғылыми-зерттеу орталығының Адам экологиясы институтының Кузбасс ботаникалық бағының директоры (Кемерово, Ресей) Андрей Куприянов А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті студенттері үшін дәріс оқыды.

«Биология» және «Экология» ББ 1-4 курс студенттеріне, «Биология», «Геоэкология және қоршаған ортаны басқару» мамандығының магистранттарына, «Биология» докторанттарына, В.И.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Биоәртүрлілікті сақтау және басқару: проблемалары мен міндеттері» тақырыбында дәріс оқыды, онда биоәртүрлілікті зерттеу мен сақтаудың ғылыми және практикалық мәселелерін шешудің теориялық негіздері мен әдістерін баяндады. Әртүрліліктің түрлері мен экожүйелік деңгейлеріне көп көңіл бөлінді, биоәртүрліліктің жай-күйі мен динамикасын, оның ішінде қоршаған ортаның жергілікті және жаһандық өзгерістері жағдайында бағалаудың негізгі әдістері қарастырылды; биологиялық әртүрлілікті зерттеу мен сақтаудың халықаралық бағдарламалары мен ұлттық стратегиялары талданды. 4 апта ішінде «Биология», «Геоэкология және қоршаған ортаны басқару» білім беру бағдарламаларының магистранттарына «Жоғары сатыдағы өсімдіктер жүйелілігінің қазіргі мәселелері» атты дәрістер курсы оқылады. Сонымен қатар, «Биология» және «Экология» білім беру бағдарламаларының студенттері «Дәрілік ресурстар тану» курсына қатысады.

Сондай-ақ жас ғалымдар мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Ғылыми жобалар. Зерттеудің перспективалы және өзекті бағыттары» оқу-тренингі өтеді. Тренингтер зерттеушілік дағдыларды жетілдіруге және тренингке қатысушылардың ғылыми көзқарасын кеңейтуге арналған.

Ашық дәріс өткізу де жоспарда бар, тақырыбы – «Ботаника саласындағы экспедициялық жұмыстар мен ғылыми зерттеулер. Флористикалық зерттеу жүргізу әдістері» және «Ғылыми гербарий. Ботаникалық мұражайтану. Ботаникалық номенклатура» шеберлік сыныбы өткізіледі.

 

Қабылдау комиссиясы