А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде докторлар саны артты. Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде PhD докторларға салтанатты түрде дипломдар табысталды. Бұл қатарда оқу орнымыздың доктаранттары да болды. Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі Батырхан Күзенбаев «6D060200-Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Батырхан Күзенбаевтың диссертациясының тақырыбы – «Жоғары оқу орнының оқу үдерісін автоматтандырылған басқару сапасын бағалаудың сараптамалық жүйесі». Жұмыс Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, «Информатика және ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасында орындалды.
Сондай-ақ, ҚӨУ-нің докторанты Зарина Досмұхамедова 8D04101-Экономика мамандығы бойынша PhD докторы дипломын алды. Ол диссертациялық жұмысын университетіміздің Экономика және қаржы кафедрасында орындады. Тақырып – «Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту (Қостанай облысының материалдары негізінде)». Зарина да диссертациясын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қорғады.
Жаңа докторларға табыс, бірегей жобалар, ғылымның дамуына сүбелі үлес қосуларына тілектеспіз!