2021 жылдың 30 наурызында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік Университеті студенттер мен магистранттарға арналған "Тәуелсіздік ұрпағы: құндылық бағдарлары мен келешегі" атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында online режимінде өткізіледі.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылады:
1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі: сын-қатерлер мен үрдістер;
2. Ғылым мен техниканың дамуы: жаңа идеялар мен перспективалар;
3.Жаратылыстану мен АӨК дамытудың негізгі жалпы ғылыми
тенденциялары;
4. Құзыреттілік білім: модельдер, әдістер, технологиялар;
5. Жаңа буын жас мамандардың құндылықтары мен мұраттары.
Жинақ қатысушыларға тек PDF форматында ұсынылады және университет сайтында жүктеуге болады. Студенттер мен магистранттар үшін жеке қатысу. Конференция материалдарының жинағына жариялау үшін мақалаларды 2020 жылдың 15 наурызынан кешіктірмей келесі электронды поштаға жіберу қажет: studkonference@mail.ru "Секция. Секция атауы" белгісімен. Мақалаларда зерттеу нәтижелері болуы керек және реферативті сипатта болмауы керек. Мақаланың сапасы мен этика нормаларына сәйкестігі үшін авторлар жауапты болады.