«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары Мәскеу облысындағы «Мемлекеттік гуманитарлық-техникалық университеті» мемлекеттік білім беру мекемесі базасында өткізілген шетелдік ғылыми тағылымдаманың нәтижелері туралы қорытынды есептерін ұсынды.
Магистранттар Мемлекеттік гуманитарлық-техникалық университетінің жетекші оқытушыларының дәрістеріне қатысты, көптеген қызықты әдістермен, әдістемелік материалдармен танысыпты. Ол туралы оқу орны студенттері кафедра мәжілісінде баяндап берді.
Сондай-ақ магистранттар Мәскеу ғалымдарынан диссертациялық зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми кеңестер алды, жобалық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен танысты, арнайы бөлмелер мен орталықтар, олардың мұғалімнің кәсіби шеберлігін үнемі жоғарылатудағы рөлі, электронды кітапхана, виртуалды зертхананың ресурстарын пайдалану тиімділігі бойынша білім беру психологтарына арналған ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысты.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Педагогика және психология кафедрасының отырысы аясында магистранттардың ғылыми тағылымдамаларының қорытындылары шығарылды, болашағы талқыланды, сертификаттар табысталды. Бейне есептерді төмендегі сілтеме бойынша өтіп, қарауға болады