П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтында бухгалтерлік есеп және менеджмент кафедрасының студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады. «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Бухгалтерлік есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының әр түрлі курс студенттері өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті, сонымен қатар маркетингтік талдау саласындағы құзыреттіліктерін растады.
Институт директоры Әлібек Табулденов пен кафедра оқытушыларының сыни ескертпелерінің арқасында студенттер көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесін жинақтады, ал қателіктер мен әлсіздіктер маркетинг саласында мықты және сенімді маман болуға көмектеседі,- дейді кафедра оқытушылары.
- Құрметті студенттер, осындай шараларға қатысыңыз! Өз қабілеттеріңізді көрсетіңіз! Сіздердің әрқайсыларыңыздың көп нәрсеге қабілетті екендігіңізге сенімдіміз - Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденов барлық студенттерге осындай үндеу жолдады.