14 сәуірде А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Шетел филологиясы кафедрасында «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» ББ-ның 2-4 курс студенттері, магистранттары және жас зерттеушілері арасында «Қазіргі тіл білімі мен лингводидактиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Ғылым күні аясында өтті.
Бұл тақырып лингвомәдениеттану, корпустік және когнитивтік лингвистика саласындағы зерттеулердің өзектілігімен, дискурс мәселелерімен, көрсетілген тақырыптарға сәйкес одан әрі зерттеу перспективаларымен байланысты.
Конференция 4 секцияны қамтыды: 1) Жалпы және салыстырмалы тіл білімінің мәселелері; 2) Шетел тілін оқыту әдістемесі; 3) Аударма және аударматанудың теориялық, әдіснамалық және қолданбалы мәселелері; 4) Қазіргі әдебиеттану ғылымының қолданбалы аспектілері. Барлығы 22 баяндама тыңдалды. Ұсынылған баяндамаларда қатысушылардың зерттеуінің тәуелсіздігін, сыни көзқарасты, теориялық материалды талдау және жүйелеу қабілетін, сондай-ақ дәйекті, дәлелді түрде тұжырымдауларын атап өткен жөн.
Конференция студенттерге жаңа идеяларды айтуға, тыңдаушылардың құзыреттілігін, белсенділігін және қызығушылығын арттыруға, студенттердің болашақта ғылыми-зерттеу әрекетіне ынталандыруға мүмкіндік береді.
Конференция соңында зерттеудің практикалық бөлігіне, презентацияның көрнекілігі мен безендірілуіне, нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне ерекше назар аударылды, ескертулер мен ұсыныстар айтылды.
Әр секция жұмысының қорытындысы бойынша үздік жұмыстар мақтау қағаздарымен марапатталды.
1 секция:
1 орын – Илья Шипов. Баяндама тақырыбы – «LINGUOPRAGMATIC MEANS IN POLITICAL INTERVIEW’S PROVOCATIVE QUESTION – RESPONSE DIALOGICAL UNITY»;
2 орын – Екатерина Шевчук. Баяндамасы – «THE INFLUENCE OF LINGUISTIC AND STYLISTIC TECHNIQUES ON THE FORMATION OF EMOTIONAL IMPACT IN TEXTS ABOUT ECOLOGY»;
3 орын - Әсел Маликова. Баяндама тақырыбы – «NATIONAL AND CULTURAL FEATURES OF KAZAKH AND ENGLISH PHRASEOLOGICAL UNITS DESIGNATING COLORS»;
2-3 секциялар:
1 орын – Алена Набибулина. Баяндама тақырыбы – «PERSPECTIVES OF USING AUTHENTIC LISTENING MATERIALS FOR INDIVIDUAL WORK OF STUDENTS»;
2 орын – Дильнар Әлмұхамбетова. Баяндама тақырыбы – «THE USE OF AUTHENTIC MATERIALS IN TEACHING A FOREIGN LANGUAGE TO SENIOR STUDENTS OF LANGUAGE SPECIALTIES»;
3 орын – Алина Бекова. Баяндама тақырыбы – «DEVELOPING ACTIVITIES FOR ENHANCING STUDENTS’ CREATIVE SKILLS BASED ON AUTHENTIC READING»;
4 секция:
1 орын – Рустам Хамитжанов. Баяндама тақырыбы – «ОСОБЕННОВСТИ ПЕРЕВОДА СПОРТИВНОЙ ТЕРМИНОЛОГИИ С АНГЛИЙСКОГО НА РУССКИЙ ЯЗЫК»;
2 орын – Аружан Рамазан. Баяндамасы – «SPECIFICS OF COACHING TEXTS AND TRANSLATION PROBLEMS»;
3 орын – Әділбек Сүлейменов. Баяндама тақырыбы – «FEATURES OF INTERVIEW TRANSLATION AS A FORM OF POLITICAL COMMUNICATION».