12 сәуірде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Тәуелсіздік ұрпақтары: құндылықтар мен перспективалар» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды. Конференцияға Ресей, Украина және Қазақстанның жетекші университеттерінің өкілдері қатысты.
Кіріспе сөзді Бірінші проректордың міндетін атқарушы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі Арман Исмаилов жасады.
Конференцияның ашылу салтанаты А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ректорының педагогикалық бағдарламалар жөніндегі кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы Римма Бектұрғанованың, сондай-ақ университеттің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD докторы Төлеген Қобжасаровтың құттықтау сөзінен басталды.
Пленарлық отырыста баяндама оқығандар:
Валерия Иваненко - Украина, Николаев Ұлттық аграрлық университетінің «Кәсіптік білім (ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы)» мамандығының 3 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Қазіргі жастардың құндылықтары мен ұсыныстары: Украина жастарының өмірдегі басымдықтары».
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих» мамандығының 4 курс студенті Аслан Әбутәліпов «Тәуелсіздік ұрпағы мамандарының құндылық бағдары» тақырыбында ой қозғады.
Ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс магистранты Айнұр Амангелдіқызы «Мәдениетаралық коммуникациядағы стереотип» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция бес секция бойынша жалғасты:
1. Экономика мен құқықтың бәсекеге қабілеттілігі: шақырулар мен тенденциялар
2. Ғылым мен техниканың дамуы: жаңа идеялар мен перспективалар
3. Агроөнеркәсіптік кешен мен жаратылыстану ғылымдарының негізгі жалпы ғылыми тенденциялары
4. Құзыреттілікке тәрбиелеу: модельдер, әдістер, технологиялар
5. Жаңа буын жас мамандардың құндылықтары мен идеалдары.
Конференцияға барлығы 100-ден астам адам қатысты, 250-ге жуық мақала келіп түсті. Конференция студенттердің шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін, кәсіби мәселелерді шешудің жаңа, стандартты емес тәсілдерін табуға деген ұмтылысын көрсетті. Іс-шара студенттердің қарым-қатынасының сәтті алаңына айналды, сонымен қатар тәжірибе алмасу, университет имиджін көтеру әдісі, сонымен қатар оның дәстүрлері мен құндылықтарын байытуға сеп болды.