24 мамырда А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы көп жылдан бергі серіктес, Н.Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетімен онлайн вебинар өткізді. Олар «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мен Сібірдің жеңіске қосқан үлесі» тақырыбын талқылады. Баяндамашылар екі ел халқының ержүрек ерлігінің арқасында ортақ жеңіске жеткенімізді атап өтті.
Сонымен қатар, одан әрі ынтымақтастық перспективалары, атап айтқанда, 02201-Тарих мамандығы бойынша магистранттарға қос дипломдық білім беру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ А.Байтұсынов атындағы ҚӨУ-і «Мұрағаттану, құжаттану жмұражай ісі» жаңа білім беру бағдарламасын енгізуді жоспарлап отыр. Екі тарап халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындалу барысында жинақтаған ғылыми жарияланымдармен алмасты.
Айта кеткен жөн, Н.Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Валентина Асочакова - ҚӨУ-нің 3 курс докторанты Тимур Тукпатуллиннің шетелдік ғылыми кеңесшісі.