object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 17:19:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

SAGRIS ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

9 желтоқсанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (Алматы қ.) «Тұрақты ауылшаруашылығы және болашақтың агрожүйелері саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» SAGRIS көпұлтты оқу жобасының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға Еуропалық Одақтың 5 серіктесінен тұратын консорциумның, Қазақстанның 4 жоғары оқу орны, сондай-ақ Ресейдің 4 ЖОО-ны қатысты. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің делегациясының құрамында оқу орнындағы жоба үйлестірушісі, ғылым және коммерцияландыру басқармасының маманы, PhD доктор Индира Айтжанова, сонымен қатар жұмыс тобының мүшелері, PhD доктор Ләззат Селеуова, техника ғылымдарының кандидаты Олег Бенюх, PhD доктор Екатерина Екатеринская және аға оқытушы Гүлжан Казкенова болды.

Жобаның мақсаты – докторанттарды халықаралық сапа стандарттарына сәйкес даярлау, орнықты ауылшаруашылығы және болашақтың агрожүйелері саласында тиімді шешімдер қабылдау үшін жаңа білім алу.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жобаға 2020 жылдан бастап қатысады. Бұл аралықта серіктес университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірігіп төрт модуль әзірледі: «Ақылды ауылшаруашылығы және цифрландыру»; «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы жүйелері»; «Ғылыми зерттеудің заманауи әдістері»; «Тұрақты ауылшаруашылығына арналған пәнаралық зерттеу әдістері».

ҚӨУ – «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы жүйелері» модулі бойынша жетекші университет. Оқу орны азық-түлік қауіпсіздігіне климаттың өзгеруінің әсері мен салдарын зерттейді.

Қорытынды конференцияға қатысушылар тұрақты ауылшаруашылығы және болашақтың агрожүйелері саласындағы жас ғалымдардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін халықаралық жобаның нәтижелеріне жоғары баға берді.

Өз сөзінде SAGRIS жобасының менеджері, (Нюртинген-Гайслинген қолданбалы ғылымдар университеті, Германия) доктор Ангелики Томас соңғы екі жылда жобаға қатысушылар Германия, Ресей, Қазақстан, Польша және Чехия университеттерінде төрт түрлі модуль мен оқыту семинарларына белсенді қатысқанын атап өтті.

Қабылдау комиссиясы