object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 14:33:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

SAGRIS жобасын іске асырудың бірінші жылының қорытындылары

Жоба халықаралық сапа стандарттарына сәйкес аспиранттар мен докторанттарды даярлауды жетілдіруді мақсат етеді, сондай-ақ тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақтың агрожүйесінің проблемалары мен міндеттерін тиімді шешу кезінде пайдаланылатын түбегейлі жаңа білім беруге ұмтылады.

Ресей мен Қазақстанның ландшафтары мен экономикасы үлкен ауыл шаруашылығы алаңдарымен сипатталады. Екі елдің саясаты аграрлық сектордың инновациялық дамуын өз қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Барлық қабылданған шаралармен қатар білікті мамандар мен инновациялық әлеует жетіспейді. Барлық деңгейлерде (фермерлер, орта және жоғары буын мамандары) адами әлеуетті арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметін жетілдіру жөніндегі бастамалар орын алып отырған кемшіліктерді жоюдың жауабына айналып отыр.

SAGRIS жобасы 2020 жылдың 15 қаңтарынан бастау алды. Бірінші жыл ішінде барлық жоспарланған кездесулер мен жұмыстар сандық форматқа көшірілді. Барлық серіктестердің бірлескен жұмыстарының арқасында жоба консорциумы қолданыстағы шектеулер жағдайында да бірінші жобалық жылға қойылған міндеттерге қол жеткізді.

Консорциум Еуропаның 5 ғылыми-білім беру ұйымынан, Ресейдің 4 жоғары оқу орнынан және Қазақстанның 4 жоғары оқу орнынан тұрады, олардың қатарында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің командасы да бар.

Серіктестер консорциумы жұмысының бірінші жылының қорытындысы:

- Жоба модульдерінің тақырыптары бойынша 4 халықаралық ғылыми ұжым: барлығы 150-ден астам қатысушы;

- әзірленген модульдер бойынша оқыту нәтижелерін қоса алғанда, Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес құрастырылған SAGRIS модульдерінің құрылымы;

- аспирантурада (РФ) және докторантурада (ҚР) оқу бойынша жағдаяттық талдау;

- Еуропада, Ресейде және Қазақстанда үшінші циклды қалыптастыруда және олардың сәйкестігінде қолданылатын терминдердің глоссарийі;

- Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындары аспиранттарының/ докторанттарының сауалнамасы.

Жаңа жылда жобаға қатысушылар пәндер бойынша білім беру материалдарын, сондай-ақ серіктес ЖОО-да үшінші циклды білім беруді ұзақ мерзімді дамыту стратегияларын әзірлеуге кіріседі. Серіктес ЖОО-ның әзірлеушілері, сондай-ақ аспиранттары/докторанттары оқыту тағылымдамаларына және әзірленген модульдерді пилоттық енгізуге қатысады.

Қабылдау комиссиясы