object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 00:10:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Sagris жобасы аясындағы Чех республикасына сапар

22 қазан мен 6 қараша аралығында SAGRIS жобасының қатысушылары Прагадағы Чехияның Жаратылыстану ғылымдары университетінде (CZU) болды. «Климаттың өзгермелі жағдайында өсімдік және мал шаруашылығы жүйелері» 2 модулі бойынша оқу сапары «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақтың агрожүйелері саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде өтті.

Жоба үйлестірушісі, мал шаруашылығы технологиясы кафедрасының қауымдассстырылған профессоры м.а., PhD докторы Индира Айтжанова, агрономия кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Екатерина Екатеринская чех ғалымдарының лекцияларына, докторанттардың семинарларына қатысты, сондай-ақ Agro Podlesí сүт фермасы, CZU Lány және CZU Amaile «Ақылды ландшафт» жобасы, CZU ботаникалық бағы, CZU Food азық-түлік павильоны, CZU орман кәсіпорны сияқты ауыл шаруашылықтарында болды.

Оқу семинарларының бағдарламасы ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың аймақтық мәселелерінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін қамтыды.

Пікір, тәжірибе алмасу нәтижесінде қатысушылар климаттың өзгеруінің азық-түлікке әсерін зерттеді, озық тәжірибелер арқылы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, олар климаттың өзгеруінің өндірістік қызметке, өнімділік пен өсімдік және мал шаруашылығы жүйелерінің тұрақтылығына әсерін болжау және анықтау саласындағы кәсіби білімдерін жетілдірді.

Қорытынды кезеңде 2 модуль жетекшісі, профессор Михаль Лоштак барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етті, танысу сапарының қорытындысын шығарды, онда қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті, алдағы ынтымақтастық перспективалары бойынша өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.  

Қабылдау комиссиясы