object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 05:26:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Посткоронавирустық экономика: қиындықтар және оны жеңу жолдары

Бүгін Экономика және қаржы кафедрасында Ғылым күніне арналған іс-шаралар аясында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Посткоронавирустық экономика: қиындықтар және оны жеңу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, модераторы – Сейтқали Төрежанов.

Талқылау барысында қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша студенттердің баяндамалары тыңдалды. Аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі Кенжегүл Кужукееваның жетекшілігімен Экономика және қаржы кафедрасының студенті Ғайша Оразалина «Цифрлық экономика кәсіпкерлікті қолдау құралы ретінде» тақырыбында ой қозғады.

Айнұр Шнарбаева есімді студент «COVID-19-дың әлеуметтік-экономикалық салдары» атты баяндамасымен таныстырды. Жетекшісі - доцент, э.ғ.к. Айжан Құрманғалиева. Саят Шаймерденов өзінің ғылыми жетекшісі э.ғ.к., профессор Налима Сартановамен бірге коронавирустан кейінгі экономика, Қазақстанның болашағы мен мүмкіндіктері туралы айтты.

Ал Юнита Евич доцент, э.ғ.к. Сейітқали Төрежановтың қолдауымен «Коронавирустан кейінгі экономикадағы жұмысшылардың дағдыларын дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңіндегі негізгі проблемалары талқыланды, коронавирустық пандемияның жағымсыз салдарын сәтті еңсеру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.

 

Қабылдау комиссиясы