object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 02:55:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналды

П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының есеп және менеджмент кафедрасы «Ғылыми зерттеулердің басым бағыттары: есепке алу, талдау және басқару» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция ғалым, профессор, Мәскеу авиациялық институтының академигі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, университеттің құрметті қызметкері Карбоз Жапаровтың педагогикалық қызметінің 50 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Пленарлық отырыста университет ректорының міндетін атқарушы Алма Дощанова құттықтау сөз сөйледі. Алма Іргебайқызы Карбоз Жапарұлының университеттің дамуына және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне, бухгалтерлер мен экономистерді көптеген онжылдықтар бойы сапалы даярлауға қосқан зор үлесін атап өтті және профессорды «Ахмет Байтұрсынұлы» құрметті медалімен марапаттады.

Пленарлық отырысқа қатысқандар:

Сайлау Байзақов - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Халықаралық басқару академиясының академигі (Нұр-Сұлтан);

Батырбек Ахметов - Қостанай облысы ардагерлерінің облыстық кеңесінің төрағасы;

Марионелла Слесарь - «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры;

Аманжол Күзембайұлы - тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі;

Әлібек Табулденов - П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;

Алмабек Нұғманов - ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының директоры;

Досқали Найманов - ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары кафедрасының профессоры.

Сонымен қатар конференцияға Түркиядан, Ресейден, Қырғызстаннан танымал ғалымдар, Қостанай облысының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

 

   

 

 

 

Қабылдау комиссиясы