object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 07:50:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қолданбалы лингвистика мәселелеріне арналған конференция

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының Шетел филологиясы кафедрасы қолданбалы лингвистика мәселелеріне арналған «Research. Opportunity. Language. Experiment»/ «Зерттеу. Мүмкіндік. тіл. Эксперимент» халықаралық ғылыми студенттік конференциясын өткізді. Іс-шара қоғам қайраткері, ғалым, лингвист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Ғылыми конференция қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері бойынша инновациялық білімдермен алмасу, офлайн сессиялардың көмегімен жазбаша және ауызша қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру үшін отандық және шетелдік озық тәжірибелермен бөлісудің тиімді диалог алаңын ұсынды.

Конференция жұмысына АҚШ, Мексика, Ресей Федерациясынан 60-тан астам баяндамашы, сондай-ақ кафедра студенттері мен магистранттары, докторанттары, оқытушылары қатысты. Конференция қызықты форматта өтті, панельдік сессиялар, ғылыми зерттеулердің таныстырылымдары, шеберлік сыныптар, постерлік және бейне таныстырылымдар ұйымдастырылды.

Қабылдау комиссиясы