А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Астана ботаникалық бағымен бірлескен ғылыми жұмыстар атқару мақсатында екі жақты келісім жасаған болатын Аталмыш меморандум аясында 25 қараша мен 06 желтоқсан аралығында Астана ботаникалық бағының ғылыми қызметкерлері, флора және өсімдік ресурстары зертханасының меңгерушісі Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың Жаратылыстану пәндері кафедраның KSPI гербарий қорында болды.
Астана ботаникалық бағының ғалымдары кафедра ғалымдары, профессор Юрий Пережогин және Ольга Бородулинамен бірлесіп, гербарий коллекцияларына, өсімдіктердің кейбір топтарына ревизия жүргізді, сондай-ақ олардың Қостанай облысында таралуын зерттеді.
Юрий Пережогин Астаналық қонақтарды сирек кездесетін эндемикалық қызғалдақтардың екі түрінің типтік гербариялық үлгілерімен таныстырды. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстанның флорасы мен өсімдіктерін бірлесіп зерттеу жоспарда бар.
Қонақтар біздің ғалымдарды ашылғанына көп болмаса да «IndexHerbariorum» жүйесіне енген (2019 жылы ашылған) Астана ботаникалық бағының гербарий қорын тамашалауға шақырды.