Бүгін ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры, тамақ өнімдерін өндіру сынақ зертханасының Иммунологиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Рыщанова Раушан Мирамбаевнаның төрағалығымен 8D091 Ветеринария бағыты бойынша диссертациялық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Отырыста Әбілова Зулкыя Бахытбекқызының "Ауыл шаруашылығы жануарларында анальгетикалық препараттарды қолданудың фармакотерапиялық негіздемесі" тақырыбындағы докторлық диссертациясы тыңдалды.
Диссертациялық кеңес отырысына қатысқандар:
Абдыбекова Аида Макеновна – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, "Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты" ЖШС Бас директорының орынбасары,
Үсенбеков Есенғали Серікұлы – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, "Акушерлік, хирургия және ұдайы өндіру биотехнологиясы" кафедрасының меңгерушісі;
Шульгау Зарина Тоқтамысқызы – фармакология саласындағы медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық биотехнология орталығының токсикология және фармакология зертханасының меңгерушісі;
Заманбеков Нұртілеу Ақжолтайұлы – ветеринария ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры.
Диссертациялық жұмыс біздің университеттің Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының иммунобиологиялық зертханасында ветеринарлық медицина кафедрасында орындалды.
Жануарлармен эксперименттік-клиникалық зерттеулер Қостанай облысының "Ақ-құдық" ЖШС мал шаруашылығы кәсіпорнының базасында, сондай-ақ Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің (Каунас қ., Литва) ірі жануарлардың ветеринариялық клиникасында жүзеге асырылды. Анальгетикалық препараттарды фармакокинетикалық зерттеу Пиза университетінің Ветеринарлық мектебінің фармакология және токсикология зертханасында жүргізілді (Пиза, Италия).
Диссертациялық кеңестің мүшелері мен ресми рецензенттер диссертациялық жұмыстың өзектілігіне, жаңалығына, теориялық және практикалық деңгейіне оң пікірлер берді, бұл докторантқа 6D120100 – Ветеринария мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне бірауыздан өтінім беру туралы шешімге әсер етті.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қаңтарында А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де диссертациялық Кеңес ашылған болатын. Диссертациялық кеңес өңірімізде бірінші рет ашылып отырғандақтан, ерекше мәнге ие болады және университет алдында жаңа перспективалар ашады.