Информатика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Татьяна Шумейко ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру байқауының жеңімпазы атанды.
Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен Татьяна Степановнаның жобасы "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" басым бағыты бойынша мәлімделген 51 орынның ішінен 3 орынды иеленді».
Гранттық жоба 36 айға созылады, ол "Болашақ педагогтардың қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға дайындығын қалыптастыру" тақырыбына арналған.
Ғылыми зерттеу тақырыбы қазіргі жағдайда ерекше өзекті.